Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Құрметті Достар, Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңіс мерекесі мен 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ер азаматтарымыздың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.
6 мамырда Орталығымыздың қызметкерлері үшін мерекелік іс-шара өтті, оның барысында Орталық директоры Марат Сандыбаев құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, қызметкерлер патриоттық әндердің орындалуымен қуантты: ішкі аудит қызметінің басшысы Мұхтарғазы Төлеутаев «Шёл четвертый год войны» фильмінен – «Как над бережком» ән орындады, онкохирургия бөлімінің санитары Наталья Шевелева «Ертіс» әнін және химиотерапия бөлімінің медбикесі Жанерке Аманғалиева «Атамекен» әнін орындады.
Кәсіподақ комитетінің атынан біздің Орталықтың қызметкерлері мен запастағы офицерлері үшін Директор М.Н. Сандыбаев және М. К. Сахариев үшін материалдық көтермелеу табыс етілді.
Денсаулықтарыңыз қашанда қуатты болып, егеменді еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Ер, азамат деген қастерлі атқа қашанда лайық болыңыздар!