Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Бірінші мамыр – Қазақстан халқының жарқын да ізгі мейрамдардың бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі.

Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу құрметіне біздің Орталықтың Кәсіподақ комитеті Семей өңірінің ұйымы мен онкологиялық қызметінің игілігі үшін көп жылғы адал еңбегі үшін көп балалы қызметкерлерді материалдық көтермелеу түрінде марапаттады.

Сондай-ақ, қызметкерлерге танымдық трэвел-шоудың заманауи форматында түсірілген Қазақстан халқы Ассамблеясының тележобасы – «Бейбітшілік пен келісім жолымен» фильмі көрсетілді.